Forbes журналы өз болжамында болашақта Нью-Йорк, Лондон немесе Париж сияқты мегаполистерден әлемнің астанасы мәртебесін алып кетуге Мәскеудің мүмкіндігі зор деп жазады.
Бұл беделді басылымның сарапшылары болашаққа нарықтағы қарқынды дамуы, капитал ағыны және еңбек ресурстарының артуы мен инфрақұрылымдардың дамуын есепке ала отырып болжам жасаған, — деп хабарлайды РИА Новости.
«Осыдан 15 жыл бұрын адамдары сапасы төмен тауарлардың кезегінде тұратын Мәскеу құлдыраудың шегіне жеткен еді. Қазір оның қонақ үйлері арзан, энергетикалық индустриясы Еуропада алда келеді, бұл өзгерістің басты факторы. Ресей астанасы СССР-дің құлауынан кейін өз бейнесін мейлінше жаңартты. 10 миллион тұрғыны бар Мәскеу бүгінде Еуропаның ірі қаласына айналды, бұдан әрі де өсу мүмкіндігі зор», — деп жазады Forbes.
Әлемнің астанасы мәртебесін иеленуден үміткерлердің арасында Қытайдың Шанхай мен Бейжің, Үндістанның Мумбаи, Бразилияның Сан-Паулу, Канаданың Калгари, Араб Әмірлігінің Дубай, Австралияның Перт, сондай-ақ американдық Техастың Хьюстон мен Даллас қалалары бар.