Accessibility links

Бас редакторды аң шаруашылығының директоры сотқа беруде


Бүгін Жезқазған қалалық сотында «Наше время» газетінің бас редакторы Владимир Прутикке қатысты қылмыстық істі қарау басталады, — деп хабарлайды «Әділ сөз» халықаралық сөз бостандығын қорғау қоры.

«Қазақмыс корпорациясы» ЖШС аң шаруашылығының директоры Мақсұт Омаров Владимир Прутикті жала жапты деп айыптап, моральдық шығынның өтемақысын талап етуде.

Мақсұт Омаровтың шағымдануына журналистің «Охота пуще неволи» және «Казахмыс ушел в окопы» деп аталатын мақалалары себеп болған. Бұл мақалалар Көпкөл және Баракөл көлдері аумағындағы табиғатты қорғау заңнамасының бұзылуы жөніндегі құжаттар негізінде жазылған.

Аң шаруашылығының директоры мақалада келтірілген деректер шындыққа жанаспайды деп есептеп, осы жарияланымдардың кесірінен өзін ыңғайсыз сезініп жүргенін, ар-ұятына нұқсан келгенін айтып, моральдық шығын ретінде 1 млн.теңге талап етіп отыр.
XS
SM
MD
LG