Accessibility links

Дулат Құстәулетов: Бас бостандығынан айыру жазасына ауыр қылмыс жасағандар ғана тартылады


ҚР-ның 2010-2020 жылдарға арналған жаңа Құқықтық саясат концепциясына сәйкес, бас бостандығынан айыру тек қана ауыр қылмыс жасағандарға берілетін болады, — деп хабарлады Әділет вице-министрі Дулат Құстәулетов.

«Қылмыстық атқару жүйесінде бас бостандығынан айыру жазасына тек қана ауыр қылмыс жасағандар тартылады және бас бостандығынан айырусыз балама ретіндегі жазаға ауыстырылады. Сот жүйесінің де даму деңгейі жаңа құжатта қарастырылған, ол барлық азаматтарға қол жетімді болуы тиіс», — деді ол.
XS
SM
MD
LG