Accessibility links

Алматы облысының аумағында жарық тапшылығы күтіледі


10-30 қыркүйек аралығында Алматы мен Алматы облысында электр энергиясының тапшылығы күтіледі, — деп хабарлайды «АлматыЭнергоСбыт» ЖШС.

«Электр желілері басқармасы жөніндегі ұлттық компания «KEGOK» АҚ-ның электр құрылғыларына жүргізетін жөндеу жұмыстарына байланысты аталған аймақта жарықпен қамтамасыз етуде қиындық туындайды. Электр энергиясының жетіспеуі 19-21 сағат кезінде байқалады», — делінген «АлматыЭнергоСбыт» таратқан хабарламада.
XS
SM
MD
LG