Accessibility links

Қазақстандық дәрігерлер Еуро-Азиялық конгреске қатысуда


Бүгін Бішкекте Еуро-Азиялық респираторлық қауымдастықтың бесінші конгресі басталды, оған қазақстандық дәрігерлер де қатысуда, — деп хабарлайды үкіметтің баспасөз қызметі.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, Еуропа, АҚШ, Қытай, Ресей, Түркия, Израиль, Армения, Әзірбайжан, Грузия, Қазақстан, Өзбекстан мемлекеттерінің жетекші мамандары қатысатын бұл конгресс тыныс алу органдарының онкологиялық хирургиялық ауруларының мәселесін шешуге арналған. Жиын барысында Еуро-Азиялық респираторлық қауымдастық мектептерінің дөңгелек үстелі, клиникалық консилиумдар мен мамандардың шеберлік сағаттары өткізілмек.
XS
SM
MD
LG