Accessibility links

Жаяу жүргіншіні қағып кеткен журналист төрт жылға бас бостандығынан айырылды


Қапшағай қалалық соты жаяу жүргіншінің өліміне себепші болған «Время» газетінің тілшісі Тохнияз Кучуковті төрт жылға бас бостандығынан айырып, 900 мың теңге айыппұл төлеуге үкім шығарды, — деп жазылған басылымның бүгінгі санында.

Мамыр айының 13-нен 14-не қараған түні Талдықорғаннан Алматыға келе жатқан Кучуков Шеңгелді ауылының маңында жаяу жүргіншіні қағып кеткен. Сағатына 80-90 шақырым жылдамдықпен көлік жүргізген журналистің ішімдік ішпегенін сараптама анықтаған.
Барлық қажетті тергеу шаралары жүргізілгеннен кейін бұл іс прокуратураға тапсырылған, Ішкі істер министрлігі баспасөз қызметінің жетекшісі Қуанышбек Жұманов хабарлағандай, «тергеу жүргізушінің адам өлімінің алдын алуға техникалық мүмкіндігі болғанын анықтаған».

«Мен заңгер ретінде бұл үкімді түсініп тұрған жоқпын. Егер ол адам жол ережесін өрескел бұзбаса, оқиға орнынан қашып кетпесе, мас болмаса онда оны бас бостандығынан айырудың қажеті жоқ. Жазалаудың мақсаты түзету болатын болса, төрт жылға бас бостандығынан айыру еш ақылға сыймайды. Мұндай жағдайда, әдетте, шартты мерзімге үкім шығарылады немесе екі тарап өзара келіссе іс тоқтатылады», — деген бұл жайлы газетке түсініктеме берген Адам құқықтары мен заңдылықты сақтау жөніндегі қазақстандық халықаралық бюроның директоры Евгений Жовтис.
XS
SM
MD
LG