Accessibility links

Жовтистің соты аяқталуға жақын


Алматы облысының Бақанас қаласында адам құқықтары мен заңдылықты сақтау жөніндегі қазақстандық халықаралық бюро директоры Евгений Жовтистің ісі бойынша сот тыңдаулардың екінші күнінде аяқталуы мүмкін. Евгений Жовтиске адам өліміне соқтырған жол-көлік оқиғасының себепкері деген айып тағылып отыр.

Сот процесінің екінші күні сот куәгерлер мен сарапшыларды тыңдады. Қаза болған кісінің туыстары соттан Жовтистің жазаға тартылуын талап етті. Жовтистің жақтаушылары болса туыстарының бұған дейін сотталушыға шағымы болмағандығын айтты.

3 қыркүйек күні кешке судья екі жақтың пікір-таласын белгілеп, соған дайындалу үшін 40 минут берді деп хабарлады Азаттық радиосының тілшісі. Сотталушының адвокаттары мен Евгений Жовтистің өзі бұл шешімге қарсы болды, бірақ судья пікір-таластар бүгін болады деп шешті. Пікір-таластардан кейін, әдеттегі тәртіп бойынша, үкім шығарылады.

Осы сот процесі қарсаңында халықаралық «Хьюман Райтс Вотч» ұйымы және қазақстандық құқыққорғаушылар Қазақстан билігінен Евгений Жовтистің ісінің әділетті қаралуын сұраған еді.
XS
SM
MD
LG