Accessibility links

Еуродақ мүшелері Иранның ядролық мәселесін талқылайды


Бүгін Стокгольмде Еуродаққа мүше 27 елдің сыртқы істер министрлері Иранды ядролық бағдарлама жөніндегі келіссөздерге қайта оралуға көндіру тәсілдерін талқылайды.

ЕО спикері Кристина Галлачтың хабарлауынша, Тегеран әлі күнге дейін өзінің ресми шешімі туралы жауап бермеген.

Екі күндік кездесу барысында мұнан басқа Ауғанстан мен Пәкістандағы жағдай да сөз болмақ. Швецияның сыртқы істер министрі Карл Бильдт өз әріптестеріне Ауғанстанға барған сапары жайында айтып бермек, онда ол жергілікті билікпен тамыз айында өткен сайлау мәселесін талқылаған болатын.
XS
SM
MD
LG