Accessibility links

Шыңжаңда тағы шерулер өтті


Қытай полициясы Шыңжаң өлкесінің Үрімші қаласындағы наразылық шарасын тоқтатты. Ресми Синьхуа ақпарат агенттігінің хабарлауынша, қауіпсіздік күштері шерушілерді тарату үшін көзден жас шығаратын газды пайдаланған.

Тұрғындардың айтуынша, шерушілер инелі шприцтермен жасалған бірқатар шабуылдардан соң қоғам қауіпсіздігін күшейтуді талап етті.
Бейсенбі күні Үрімшідегі шеруге бірнеше мың қытайлық хан өкілдері жиналып, әлгі шабуылдарға байланысты мұсылман ұйғырларын айыптады.

Шілде айында ұйғырлар мен қытайлық хан өкілдері арасында қақтығыстар орын алып, шамамен 200 адам қаза тапқан болатын.
XS
SM
MD
LG