Жұма күні Иранның жоғары лауазымды ресми өкілі елдің рухани көсемі Аятолла Әли Хаменей заң шығарушыларды президент Махмуд Ахмединежадтың кабинетін мақұлдауға шақырды деп мәлімдеді.
Құрамында консерваторлар басым парламент бейсенбі күні президент ұсынған 21 кандидаттың 18-ін ғана мақұлдаған болатын, депутаттар тізімдегі үш әйел саясаткердің екеуін және энергетика министріне ұсынылған кандидатты қолдамады. ИСНА ақпарат агенттігіне берген сұхбатында парламент спикерінің орынбасары Мохаммед Реза Бахонар егер рухани көсем Хаменей тізімді қолдамағанда, бейсенбі күнгі дауысқа салуда кандидаттардың жеті немесе сегізі мақұлданбайтын еді деп айтты. Бахонардың мәлімдеуінше, Хаменейдің кабинет құрамын мақұлдауы үлкен роль атқарған.
Ұлттық мәселелердегі шешімді сөзді айтатын Аятолла Әли Хаменей жаппай наразылық шараларына қарамастан президент Ахмединежадтың екінші мерзімге сайлануын ашық түрде қолдаған болатын.