Accessibility links

Үрімжіде мыңдаған жауынгер тәртіп қорғап жүр


Қытайдың Шыңжаң-ұйғыр автономиялық ауданының орталығы - Үрімжідегі 5 кісі қаза тапқан жаппай тәртіпсіздіктен кейін соғыс техникасының қолдауымен мыңдаған жауынгер қаланы күзетіп жүр. Оның алдында биліктен өздерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуді талап еткен бірнеше мың этникалық қытайлықтың наразылық шеруі қуып таратылды.
Оның қарсаңында қалада шприцтердің инесін қолданып шабуыл жасаған оқиғалар кең етек жайды. 10-даған адам жараланды. Ресми билік бұл шабуылдарды ұйғырлардың сепаратистік қозғалысы жүзеге асырды деп күдіктенеді.
Осыдан 2 айдай бұрын Үрімжідегі ұлтаралық қақтығыстардың салдарынан 200 адамның қаза болуына себеп болды.
XS
SM
MD
LG