Accessibility links

Ауғанстанда 3 неміс, 1 поляк әскериі қаза тапты


Ауғанстанның солтүстігіндегі Кундуз облысында жарылыстан Германияның 3 жауынгері қаза тапты. Биліктің хабарлауынша, жанпидашыл-содыр өзінің автокөлігін жарып жіберді.
Қастандықты тәліптер өз мойнына алып отыр.
Ал Ауғанстанның шығысындағы Газни облысында орналасқан НАТО-ның соғыс базасынан бірнеше шақырым қашықтықта поляк жауынгерлері мініп келе жатқан сауытты автокөлік минаға жарылып, бір жауынгер қаза болды, тағы бесеуі жараланды. Ауғанстанда НАТО күштерінің соғыс қимылдары басталған уақыттан бері 11 поляк көз жұмды.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG