Accessibility links

Македония: кеме апатынан кемінде 12 кісі қаза тапты


Македониядағы Охрид көлінде жолаушы кемесі апатқа ұшырап, соңғы мәлімет бойынша кем дегенде 12 адам құрбан болды.
Жолаушы кемесі жағалаудан 200 метрдей қашықтықта суға батқан кезде, құтқарушылар судан шамамен 50 жолаушыны көтеріп алды. Олар негізінен болгар туристері болды. Кемеде барлығы неше адам болғаны белгісіз. Билік қаза болғандардың саны өсе түсе ме деп алаңдап отыр.
Апаттың себептері әзірше белгісіз.
XS
SM
MD
LG