Accessibility links

Ауғанстан: НАТО тұрғындардың жараланғандарын мойындады


Ауғанстандағы халықаралық күштердің бас қолбасшысы, АҚШ генералы Стэнли Маккристэл НАТО авиациясының жұма күнгі әуе соққысынан жараланғандардың ішінде бейбіт тұрғындардың болғанын мойындады.
Кундуз облысында жұма күні НАТО авиациясы жанармай таситын 2 көлікті айдап кеткен тәліптерге соққы берген болатын. Дәл сол кезде олардың жандарында ондаған жергілікті тұрғын болды. Ауған үкіметінің мәліметі бойынша, 90 тұрғын құрбан болды.
Ауған телеарнасынан сөйлеген сөзінде генерал Маккристэл оқиғаның ізінше тиянақты тергеу жүргізіп, нәтижесін жариялауға уәде берді.
Сенбі күні Еуропа Одағының сыртқы істер министрлері бейбіт халықтың қырылуына көңіл айтты.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG