Accessibility links

Пәкістанда содырлардың шабуылдары толастар емес


Пәкістанда теміржол торабы өтетін көпірді күзетіп тұрған 3 полицейдің атып өлтірілген денелері аңғарылды. Полицияның хабарлауынша, қылмыс Исламабадтан батысқа қарай орын тепкен Хасан Абдал қаласында болды. Үш полицейді де бастарынан атып өлтірген. Соған байланысты полиция шабуыл жасалған кезде полицейлер ұйықтап жатса керек деп жорамалдап отыр.
Пәкістан үкіметі биыл содырларды жеңгенін талай рет мәлімдеп келеді. Алайда, Батыс баспасөзінің хабарлауынша, осындай қастандық шабуылдар бүкіл елде жалғасу үстінде. Ауғанстан шекарасына жақын солтүстік-батыс аудандарда ахуал әсіресе ушығып тұр.
XS
SM
MD
LG