Accessibility links

Ауғанстан: Қарзай президент тағында қалатын тәрізді


Ауғанстанның сайлау комиссиясының басшы қызметкерлері 450-ге жуық дауыс беру учаскесіндегі дауыстарды жарамсыз деп алып тастағандарын мәлімдеді. Бұл жаңалық 20 тамызда болып өткен президент сайлауындағы дауыстардың басым бөлігін есептеп болған соң жарияланды. Есеп қазіргі президент Хамид Қарзайдың басымдығы өсе түскенін аңғартты.
Барлық дауыстың 2/3-сін есептегенде Қарзайды сайлаушылардың шамамен 48.6 пайызы қолдаған болса, оның басты бәсекелесі Абдулла Абдулланы 31.7 пайызы қолдағаны анықталды.
Жаппай заңсыздыққа жол берілді деген айыптар мен сайлаушылардың дауыс беруге аз қатысуы салдарынан шырқы бұзылған сайлауда 28 мыңға жуық дауыс беру учаскесі жұмыс істеді.
XS
SM
MD
LG