Accessibility links

Әзірбайжанда әлемдік газ саласының мәселелері сөз болмақ


14-16 қыркүйекте Бакуде «Әлемдік газ саласының Каспий аймағындағы инфрақұрылымы» атты халықаралық конференция өтеді.

Жиын барысында Каспий аймағы газ индустриясының дамуы мен әлемдік газ нарығы реформасының аталған аймаққа ықпалы, газ саласындағы үкіметаралық ынтымақтастық, Каспийдің газ саласындағы ірі жобаларын инвестицияландыру, сатып алу мен тасымалдай сияқты көптеген мәселелер талқыға түспек.

Конференцияға қатысушылар сондай-ақ Nabucco, Транскаспий және Трансадриатикалық газ құбырлары желілері жайын да сөз етпек.
XS
SM
MD
LG