Accessibility links

Ирақта жанкештілік шабуылдан 7 адам қаза тапты


Ирақтың Рамади қаласына жақын жердегі полицияның бақылау-өткізу бекетінде бомба қойылған көлікті жарған жанкештінің шабуылынан жеті адам қаза тауып, кемінде 15 адам жарақаттанған, оның ішінде балалар да болған.

Ирак полициясының хабарлауынша, жарылғыш зат терроршы жүргізіп келе жатқан автокөлікте орнатылған. Ресмилердің айтуынша қаза болғандардың арасында үш полиция қызметкері бар.

Тұрғындардың басым көпшілігі суннитер болып табылатын Рамади қаласы – Анбар провинциясының орталығы. Бұл қала 2003 жылы АҚШ әскерлері Ираққа кіргеннен кейінгі жерде көтерілісшілердің бекінісі болып келген еді. Дегенмен 2006 жылдың соңына қарай тайпалық жетекшілер Әл-қаидаға қарсы күресу үшін АҚШ күштерімен күш біріктіргеннен бері Анбар провинциясы тынышталып қалған-ды.

XS
SM
MD
LG