Қытайдың Шыңжаң Ұйғыр автономиялық ауданының орталығы Үрімжі қаласында билік тарапынан енгізілген комендаттық сағат алынып тасталды.
Бұдан бұрын Қытайдың Үрімжі қаласында ондаған мың этникалық хансулар ұйғырлар шабуылы жағдайында қауіпсіздіктерін қамтамасыз етуді талап етіп көшеге шыққан болатын. Осы жаппай бей-берекетсіздіктің салдарынан бес адам құрбан болып, ондаған тұрғын жараланған еді.
Үрімжідегі хансулар ұйғырларды аймақ тұрғындарына ине салу арқылы жасалған шабуылдарға қатысты айыптап отыр. Бұған қарсы наразылық акциялары өткен.
Бұл аймақтағы ұйғырлар мен хансулардың жанжалы осы жылғы маусымның соңына таман шиеленісе бастап еді. Этникалық негізде басталған жанжалдың соңы екі жүз қаралы адамның өліміне әкелді. Сол кезде де жергілікті билік екі рет комендаттық сағат енгізген болатын.