Қытай ресмилерінің хабарлауынша, бүгін елдің көмір шахтасында орын алған газ жарылысынан кемінде 35 адам қаза тапқан, 44 адам жер астында қалып қалған. Жұмыстағы қауіпсіздік мәселелері бойынша мемлекеттік әкімшіліктің мәліметінше, Хенан өлкесінің Пингдингшан қаласындағы шахтада 93 кенші жұмыс істеген, олардың 14-і аман қалған.
Қытайдың көмір кеніштері - әлемдегі ең қауіпті шахталардың бірі деп есептеледі. Ресми мәліметтерге сәйкес, 2008 жылы Қытай шахталарында 3 мың 200-ден астам кенші құрбан болған. Бірақ тәуелсіз топтардың айтуынша, шын мәнінде бұл көрсеткіш әлдеқайда жоғары.