Accessibility links

Қазақстан кәсіпкерлікке жағдай туғызу жөнінен бір саты алға шықты


Дүниежүзілік банк пен Халықаралық қаржы корпорациясы (IFC) жүргізген рейтинг бойынша, Қазақстан кәсіпкерлікке оңтайлы жағдай туғызу жөнінен бір саты ілгері жылжып, 63-орынға көтерілген. Бұл рейтингте 183 елдің бизнесті жүргізудегі ахуалы есепке алынған, — деп хабарлайды РИА Новости.

Бұл рейтингтің көшін бастаушылар бұрынғыша Сингапур, Жаңа Зеландия, Гонконг пен АҚШ болып отыр. Ал Ресей өткен жылғы 118-орнынан 120-орынға кейіндеп кеткен.

«Сингапур мен Гонконг кәсіпкерлікке қолайлы жағдай жасап, реформаларды дәйекті түрде жүргізіп келе жатқан елдер қатарында. Сингапур осымен төртінше рет алғашқы орыннан көрініп отыр. Өткен жылы бұл елде жаңа кәсіпорындардың құрылу тәртібін оңайлататын онлайндық және электрондық процедуралар енгізілген», — делінген «Бизнесті жүргізу — 2010: Қиын кезеңдегі реформалар жүргізу» атты баяндамада.
XS
SM
MD
LG