Алматы қаласы әкімі баспасөз қызметінің мәліметінше, 2009 жылдың аяғына дейін Алматы метросындағы үш станцияның құрылысы аяқталатын болады.
Панфилов пен Гоголь көшелерінің қиылысында орналасқан инженерлік корпус осы жылдың қараша айында іске қосылады. Мұнда «Алматы қаласының метрополитені» МҚК мен қызмет көрсету бөлімі орналасады.
Ал метро құрылысынан 2009 жылдың соңына таман «Райымбек», «Алатау», «Жібек жолы» деп аталатын станциялардың құрылысы аяқталады. Қазіргі уақытта «Райымбек» - 90%, «Жібек-Жолы» - 75%, «Алатау» - 65% -ға дайын.
2009 жылдың сәуір айындағы Алматы қаласын дамыту жөнінде өткен кеңесте Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың үкіметке берген тапсырмасы бойынша метро құрылысына бөлінетін 14 млрд теңгенің қазір бірінші траншы толық игерілген.