Accessibility links

Казагромаркетинг: Қазақстанда бидайдың бағасы 50%-ға дейін арзандап кеткен


Қазақстанда бидайдың бағасы бір жылдың ішінде 50%-ға дейін арзандап кеткен, бұл өз кезегінде ұн мен нан бағасының төмендеуіне әкелді, — делінген «Казагромаркетинг» АҚ-ның мәліметінде.

Өткен жылмен салыстырғанда нан бағасы орташа есеппен 11%-ға, жоғарғы сұрыпты ұн 20%-ға арзандаған. Биылғы тамыз айында республика бойынша бидай нанының бір килограмы 71 теңгені құраған, өткен жылы 80 теңге болатын.

Алматыда нанның бір килограмы 98 теңге болса, Ақтауда 60 теңге шамасында, ал Астанада 80 теңге болып отыр. Елдің дәнді дақылдарының негізгі алқабы — Солтүстік Қазақстандағы нан бағасы 75 теңге, оңтүстік өңірде 64 теңге тұрады.
XS
SM
MD
LG