Accessibility links

Алматы соты оппозициялық басылымға 60 млн теңге айыппұл салды


Қыркүйектің 9-ы күні Алматының Медеу аудандық соты БТА банктың талап-арызын ішінара қанағаттандырып, оның пайдасына «Республика» газетінің бас редакторынан, меншік иесі мен шығарушыдан жиынтығы 60 миллион теңгені (400 мың АҚШ доллары шамасында) моральдық өтем ретінде өндіріп алу туралы шешім шығарды. Сонымен бірге сот биылғы наурыз айында басылымда жарияланған «Хрен редьки не слаще» атты мақаладағы айтылған деректерді алдағы 10 күннің ішінде осы газеттің бетінен жария түрде жоққа шығаруды редакцияға міндеттеді.

Соттың шешімімен келіспеген басылым өкілдері, айыппұл көлемін төлеуге шамалары жоқ екендігін айтып, бұны тәуелсіз басылымның үнін өшіру үшін әдейі жасалған әрекет деп бағалады.

БТА банк басшылығы сотқа түсірген талап-арызында, биыл көктемде клиенттері банктен 6 миллиард теңгеден астам (40 миллион доллар шамасында) соманың депозитін алып кетуіне «Республика» газетінде жарық көрген әлгі мақала түрткі болды дегенді алға тартып, сол үшін басылымнан 80 миллион теңгені өндіріп алуды соттан сұраған болатын.

AzattyqTV

Жаһан жаңалықтары

Жээнбеков кім?

XS
SM
MD
LG