Accessibility links

Ресей: Израиль премьері Мәскеуге құпия сапар жасамады


Ресей үкіметінің мәлімдеуінше, Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаняху осы аптада ресейлік әріптесі Владимир Путинмен кездеспеген. Оның алдында Нетаняху құпия түрде Мәскеуге барып қайтты деп хабарланған болатын.

Израилдің "Yediot Ahronot" басылымының мәліметінше, Нетаняху Ресей қаруларының Иран мен Сирияға сатылуы мәселесін талқылау үшін дүйсенбі күні Мәскеуге барған. Бірақ Путиннің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков бұл хабарды жоққа шығарды.

Бұл екі арада, Британия бұқаралық ақпарат құралдарында осыдан бірнеше апта бұрын Ресей мен Израилдің барлау қызметтері S-300 зымырандарының заңсыз тасымалын тоқтату мақсатында бірге жұмыс істеген болуы мүмкін деген ақпарат шықты. Израиль бірнеше жылдан бері Ресейді әлгі зымырандар жүйесін Иранға сатпауға көндіруге тырысып келеді. Батыс елдері Иран өзінің даулы ядролық жерлерінде S-300 зымыран жүйесін орналастыруы мүмкін деп қауіптенеді.
XS
SM
MD
LG