Accessibility links

Өзбекстан полициясы: Тұтқындар түрмеден қашпады


Ташкент облысының атын атағысы келмеген полиция қызметкері Азаттық радиосының өзбек қызметіне берген сұхбатында Өзбекстан түрмесінен тұтқындардың қашқанын жоққа шығарып, бұл ақпарат шындыққа жанаспайды деп мәлімдеді.

«Егер тұтқындар қашып кететін болса, ерекше шаралар қолға алынады ғой. Түрмеден ешкім қашқан жоқ»,- деді облыстық полиция қызметкері.

Оның алдында Интерфакс-Қазақстан агенттігі Оңтүстік Қазақстан облысында апатқа ұшыраған тікұшақтың ішіндегі шекарашылар Өзбекстан түрмесінен тұтқындардың қашуына байланысты мемлекеттік шекараны қорғауды күшейтумен айналысқан деп хабарлаған болатын.

Сейсенбі күні Ми-8 тікұшағының апатынан 10 адам қаза тауып, 3 кісі жарақат алды.
XS
SM
MD
LG