Accessibility links

Қазақстанда жалақысы ең көбі - қаржыгерлер, ең азы - балықшылар


Қазақстанда бір жыл ішінде орташа айлық жалақы 10%-ға, яғни 70 мың теңгеге дейін көбейген, — деп хабарлайды Статистика жөніндегі агенттіктің баспасөз қызметі.

«2009 жылдың шілде айында бір жұмысшының айлық жалақысы 69 мың 756 теңгені құраған және өткен жылдың осы айымен салыстырғанда 10,3%-ға көбейген», — делінген агенттіктің хабарламасында.

Ал осы жылдың қаңтар-шілде айларындағы жалақы көлемі өткен жылғы осы уақыт аралығымен салыстырғанда 11,8%-ға көбейіп, 65 мың 370 теңгеге жеткен.

Жалақының салалық құрылымдардағы жоғарғы деңгейі қаржы саласында сақталып отыр —138,8 мың теңге көлемінде, бұл орташа республикалық деңгейден екі есеге артық, ал тау-кен өнеркәсібіндегі жалақы көлемі – 120 мың теңге, жылжымайтын мүлік операцияларын жүзеге асыру саласында – 106 мың теңге, транспорт пен байланыс саласында – 93 мың теңге, құрылыста– 91,6 мың теңге болып отыр.

Бұрынғыша балық шаруашылығының жұмысшылары ең төменгі жалақы алып отыр, олардың 27,6 мың теңге айлығы елдегі орташа көрсеткіштен 60,5%-ға төмен.
XS
SM
MD
LG