Accessibility links

ҰҚШҰ есірткіге қарсы мәліметтер банкін құрмақ


ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттер осы жылдың желтоқсан айында есірткіге қарсы ведомство мәліметтерінің бірлескен банкін жүзеге асырмақ, — деп хабарлады РФ есірткі айналымын бақылау жөніндегі федералдық қызметтің директоры Виктор Иванов.

«Есірткінің заңсыз айналымына қарсы тұру жөніндегі құзырлы органдардың атқарушы бюросына аталған банктің жұмысын 1-желтоқсаннан бастап іске асыруға тапсырма беруді ұсынамын», — деді Виктор Иванов бүгін Бішкекте өтіп жатқан ҰҚШҰ үйлестіру кеңесі жетекшілерінің отырысында.
XS
SM
MD
LG