Бүгін Ирақта орын алған жанкештілік шабуыл мен жарылыстардан 20-дан астам адам қаза тауып, ондаған кісі жараланды.
Елдің солтүстігіндегі күрдтердің ауылында бір жанкешті кісі өзін-өзі жарып жіберіп, кемінде 19 адамды өлткірді. Полицияның айтуынша, Мосул қаласының жанындағы Уардак ауылында тағы бір жанкештілік шабуыл жүзеге асырылмақ болған бірақ жергілікті қауіпсіздік күштері өзін-өзі жарып жібермек болған адамды атып өлтірген.
Сонымен қатар Махмудия қаласында екі бомба жарылды. Бұл шабуылдан кемінде 2 адам құрбан болып, 10 адам жарақат алды.