Accessibility links

Ауған президенті: Сайлау әділ өтті


Ауғанстан президенті Хамид Қарзай тамыз айындағы сайлау әділ өтті деп мәлімдеді.

Сайлаудың бастапқы қорытындысына сәйкес, Қарзай 54 пайыздан көп дауыс жинаған, яғни сайлаудың екінші кезеңін өткізбеу үшін талап етілген 50 пайыздық межеден өтіп отыр.

Алайда сайлауға қатысты шағымдарды қарайтын тәуелсіз комиссия бірнеше сайлау учаскесінде бұрмалаушылықтардың болғанына дәлел бар, кей дауыстар қайта саналауы тиіс деп мәлімдеді. Қарзайдың негізгі қарсыласы бұрынғы сыртқы істер министрі Абдулла Абдулла 20-шы тамыздағы дауыс берулерде заңбұзушылықтар болды деп айыптап отыр.

AzattyqTV

AzatNEWS 23.05.2017

AzatNEWS 23.05.2017

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG