Accessibility links

Өзбек түрмесінен қашқандар 6 адамды өлтірді деп хабарланды


Өзбекстан түрмесінен қашқан 10 тұтқынның ешқайсысы осы уақытқа дейін табылмады деп хабарлайды "Интерфакс-Қазақстан" агенттігі. Оңтүстік Қазақстан облысының Ленгер қаласындағы шекаралық комендатура өкіліне сілтеме жасаған "Интерфакс-Қазақстанның" мәліметінше, қыркүйектің 6-да Өзбекстан түрмесінен қашып кеткендер 6 адамды, олардың ішінде бір әйел мен 3 жасар баланы өлтіріп, екі адамды жаралаған.

Сәрсенбі күні Қазақстан шекаралық күштерінің өкілі олардың тікұшағы дәл осы адамдарды іздеу барысында апатқа ұшарағынын айтқан болатын. Оңтүстік Қазақстан облысында орын алған тікұшақ апатынан 10 адам қаза тауып, үшеуі жараланды.
XS
SM
MD
LG