Accessibility links

Ливан премьер-министріне тағайындалған Харири қызметінен бас тартты


Ливан премьер-министрі міндетін атқарған Саад Харири 10 апта бойы оппозициялық топтармен біріккен үкімет құруға тырысқан соң қызметінен кететінін айтты.

Президент Мишел Сулейманмен кездескен соң Бейрутта журналистердің алдында сөйлеген сөзінде Харири үкімет құрудан бас тарту жөніндегі шешімі Ливанның ең мықты мүддесі болатынына үміт білдірді. Бұл диалогты қайта бастауға мүмкіндік береді деді Харири.

Оның алдында Хезболла жетекшілігіндегі оппозиция Харири ұсынған үкімет мүшелерін мақұлдамады.
XS
SM
MD
LG