Accessibility links

Өзбекстан уран кеніштеріне қатысты тендер жарияламақ


Өзбекстан Қызылқұм шөліндегі уран мүмкіндіктерін зерттеуге қатысты тендер жариялайтынын хабарлады.

Геология мен минералды ресурстар бойынша комитеттің басшысы Нариман Мавлянов журналистерге берген сұхбатында Өзбекстан "келесі жылдың наурыз айында жарияланатын тендерге барлық құжаттарды әзірлеп жатыр" деп мәлімдеді. Оның айтуынша, кез келген шетел компаниясы бұл тендерге қатыса алады.

Жапония және Оңтүстік Корея елдерімен уран экспорты жөнінде келісімдер жасаған Өзбекстан әлемдегі ең ірі уран өндіруші мемлекеттердің бірі боп табылады.
XS
SM
MD
LG