Жартылай ауыр салмақта әлем чемпиондығынан үміткер боксшы Бейбіт Шүменов пен KZ Event Productions, Inc. промоутерлік компаниясы WBA чемпионы Габриэль Кампильо мен Sampson Boxing, LLC промоутерлік компаниясын сотқа берді.
Шағымданушылар жауапкерлерді WBA мен қазақстандық кәсіпқой бокс федерациясының тыйым салынған препараттарды қолдануға қатысты ережесін бұзды деп айыптауда.
Айыптаушылар Кампильо мен оның командасы тыйым салынған препараттарға тексеруді арнайы бөлмеде тапсыру туралы келісімді бұзғанын айтып отыр. Ережені бұзды деп айыпталып отырған Кампильо арнайы бөлменің орнына жуынатын жерді пайдаланып, өзінің жаттықтырушысымен бірге сол жерде 10 минут болған.
Шүменов пен оның американдық адвокаты Джадд Бурштейн WBA-дан жекпе-жектің нәтижесін қайта қарауды сұрауда.
Биылғы жылдың 15-тамызында Астанада Габриэль Кампильо төрешілердің басым дауысымен Бейбіт Шүменовті жеңіп, өзінің жартылай ауыр салмақтағы WBA чемпионы атағын қорғап қалды.
Бейбіт Шүменов кәсіпқой боксшы, ІВА тұжырымы бойынша дүниежүзі чемпионы, WBO Asіa Pacіfіc, WBC Asіan және PABA-ның алтын белбеуі иесі.