Accessibility links

Қазан айының соңында Қазақстанға Румыния президенті келмек


Румыния президенті Траян Басеску 2009 жылдың қазан айының соңында Қазақстанға келмек, — деп хабарлады ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі Тимур Сүлейменов бүгін Астанада өтіп жатқан Қазақстан –Румыния үкіметаралық комиссиясының отырысында.

Траян Басеску 2004 жылдың 20-желтоқсанынан бері Румыния президенті. Оған дейін Бухаресттің мэрі, сауда кемесінің капитаны болған.
Румынияның еуроинтеграциясын жақтаушы Траян Басеску 2005 жылы Румыния мен Молдавияның бірігуінің жоспарын ұсынған болатын, бірақ ол ұсыныс Молдавия басшылығы тарапынан қолдау таппады.

2007 жылдың 19-мамыры күні ел президентінің отставкасы жөнінде референдум өткізілген еді, жалпыхалықтық сайлау қорытындысы дауыс берушілердің көбі Траян Басескудің президент ретіндегі міндетін атқара беруіне сенім білдірген.
XS
SM
MD
LG