Accessibility links

Назарбаев: Ресей-Қазақстан бірлескен кәсіпорындары құрылмақ


Орынбор қаласында Ресей президенті Дмитрий Медведев қазақстандық әріптесі Нұрсұлтан Назарбаевпен келіссөздер өткізді.

Жұма күнгі кездесу барысында Қазақстан президенті Назарбаев: "Нақты 3 келісімге сәйкес, бірлескен кәсіпорындар құрылады. Осы келісімдер бойынша екі елдің шекараларын қорғау қызметтері бірлескен операцияларды жүзеге асыратын болады, су электр станциясында 500 мегаваттық қуат блогын құру мен әскери ынтымақтастық мәселесі қарастырылады. Біздің кеден одағымыз 2010 жылдың 1 қаңтарынан бастап, жұмысын бастамақ. Екі ел делегациялары қарқынды жұмыс істер жатыр, бұл уақытта интеграциямыз жаңа деңгейге көтерілуде", - деп мәлімдеді.

Орынбордағы келіссөздерде екі ел басшылары энергетика мәселелерін талқылайды деп хабарланған болатын.
XS
SM
MD
LG