Accessibility links

ЕуроОдақ: Теһран ұсыныстары маңызды сұрақтарға жауап бермейді


Еуропа Одағы Иранның соңғы ядролық ұсыныстары оның ядролық бағдарламасы туралы маңызды сұрақтарға жауап бермейді деп мәлімдеді. ЕуроОдақтың сыртқы саясат басшысы Хавиер Солананың баспасөз хатшысы Кристина Галлахтың айтуынша, бұл құжат ядролық проблемаларға емес негізінен ғаламдық мәселелерге назар аударған.

Еуропа Одағының бұл ұстанымына АҚШ мемлекеттік департаментінің баспасөз хатшысы Филип Кроули де қосылып отыр. Ол Теһранның ұсыныстары Вашингтонның үміттеріне сәйкес келмеді деді.

Алайда Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров Иранның жаңа ядролық ұсыныстары жұмысты талап ететін материал береді деп мәлімдеп, әлемнің алпауыт елдерін ортақ жауап әзірлеуге шақырды.

АҚШ, Қытай, Ресей, Британия, Франция, Германия елдері бүгін конференция өткізіп, Иранның ұсыныстарын талқылайды.
XS
SM
MD
LG