Accessibility links

Чавес: Венесуэла Ресей зымырандарын сатып алуда


Венесуэла таяу арада 300 шақырымдық қашықтыққа жететін ресейлік зымырандарды тасымалдайтын болады. Президент Уго Чавестің мәлімдеуінше, бұл қадам Мәскеумен арада қарулар туралы жасалған бірқатар келісімдер шеңберінде жүзеге асырылмақ. Жұма күні Венесуэла астанасы Каракаста сөйлеген сөзінде Чавес Ресейден нақты қанша зымыран сатып алатынын айтпады.

АҚШ-ты бірнеше рет сынаған Чавестің билігі барысында Венесуэла соңғы жылдары ресейлік қаруларға 4 миллиард доллар қаржы жұмсады деп хабарланып отыр.
XS
SM
MD
LG