Accessibility links

Медведев Түркменстанда


Ресей президенті Дмитрий Медведев түркмен әріптесі Гұрбангұлы Бердымұхаммедовпен энергетика мәселесін талқылау үшін жексенбі күні Түркменстанға барды. Медведевтің көмекшісі Сергей Приходконың мәлімдеуінше, Түркменбаши қаласындағы кездесуде Ресей мен Түркменстан арасында табиғи газ және тағы басқа жобаларға қатысты ынтымақтастық мүмкіндіктері талқыланады. Түркменстанның газ саласындағы стратегиялық жоспарларын түсіну Ресей үшін маңызды деп атап көрсетті Приходко.

Түркменстан бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, президент Гұрбангұлы Бердымұхаммедов Ашхабад өзінің газ экспорты жолдарын түрлендіруді қолдайды деп мәлімдеген.
XS
SM
MD
LG