Accessibility links

Мыңдаған адам Обаманың жоспарына наразылық танытты


АҚШ астанасы Вашингтонда ондаған мың адам шеруге шығып, президент Барак Обаманың денсаулық сақтау саласын реформалау жөніндегі ұсынысына наразылық білдірді.

Консервативті ұйым тарапынан үйлестірілген шерушілер Обаманың саясаты АҚШ-ты социализм мен банкротқа ұшыратады деп қауіптенетіндерін айтып отыр. Алайда Миннеаполис қаласында 10 мыңнан аса халықтың алдында сөйлеген сөзінде Обама американдықтарды денсаулық сақтау саласындағы кей жеңілдіктер қысқарады деген "қорқынышты әңгімелерге" құлақ аспауға шақырып, өз жоспарын жақтады. Обаманың жоспары заңға айналуы үшін оны алдымен Конргесс мақұлдауы тиіс.
XS
SM
MD
LG