Accessibility links

Иранда шерушілердің соты жалғасуда


Дүйсенбі күні Иран соты даулы президент сайлауынан кейінгі толқуларға байланысты айыпталған бірқатар наразылық танытушыларға қатысты тыңдауларын одан әрі жалғастырады.

Ресми ИСНА ақпарат агенттігінің хабарлауынша, бұл сот үдерісіне жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының кей тілшілері қатыстырылады бірақ шетел журналистерінің сот залына кіруіне рұқсат берілмейді.

Иран билігі маусымның 12-дегі дауыс берулерде президент Махмуд Ахмадинежадтың қайта сайлануын мойындамаған 140-қа жуық шерушіні сотқа тартып отыр. Оппозиция бұл сотты көзбояушылық деп айыптады.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG