Accessibility links

Иранда танымал діни тұлға оққа ұшты


Иранның бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, даулы президент сайлауында Махмуд Ахмадинежадты қолдаған елдің танымал суннит діни тұлғасына қастандық жасалған. Фарс ақпарат агенттігінің мәліметінше, елдің батысындағы Санандаж қаласында жұма намазын басқаратын Борхан Әлиді сенбі күні кешке белгісіз адамдар өлтіріп кеткен.

Мемлекеттік радиодан берілген хабарға қарағанда, Борхан Әли өз үйінде оққа ұшқан, оның денесінде бірнеше оқтың ізі табылған.
XS
SM
MD
LG