Accessibility links

Усама бен Ладеннің бауыры қайтыс болды


Бірқатар ақпарат көздерінің хабарлауынша, әлемдегі «№1 лаңкес» — Усама бен Ладеннің бауырларының бірі Сабет бен Ладен дүниеден озды.

Отбасылық құрылыс бизнесінің негізін қалаушы иемендік Мұхаммед бен Ладеннің 54 баласының бірі Сабеттің жасы мен неден қайтыс болғандығы туралы хабарланбаған.

Бен Ладендер отбасының Bin Laden Group компаниясы Сауд Арабиясындағы ең үлкен құрылыс холдингі саналады.

«Әл-Қаида» жетекшісі Усама бен Ладеннен оның отбасы 1994 жылы, болашақ «№1 лаңкес» корольдік режимді тақтан тайдыру туралы үндеуі үшін Сауд азаматтығынан айырылғаннан кейін бас тартқан болатын.
XS
SM
MD
LG