Accessibility links

Қытайда төртінші космодромның құрылысы басталды


Қытай бүгін Хайнань аралындағы жаңа космодромның құрылысына кіріспек, — деп хабарлайды РИА Новости Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап.

2013 жылы құрылысы аяқталады деп жоспарланған бұл космодром ҚХР-ғы ғарыш зымырандарына арналған төртінші ұшу алаңы болады.

Қытайдағы ең кестесі тығыз космодром Ганьсу провинциясы мен Ішкі Моңғолия автономды ауданының шекарасында орналасқан Цзюцюань. Бұл елде бұдан басқа Сычуань мен Шаньси провинцияларында орналасқан екі ғарыш айлағы бар.

AzattyqTV

Жаһан жаңалықтары

Жээнбеков кім?

XS
SM
MD
LG