Accessibility links

Иран президенті келiссөздерге дайын, бiрақ ядролық мәселе туралы емес


Иран президентi Махмұд Ахмадинежадтың айтуынша, Иран ғаламдық мәселелер бойынша әлемдегі ірі мемлекеттермен келіссөздерге дайын, бiрақ Теһранның ядролық технологияларды қолдану құқығы жөнінде әнгіме қозғалмауы тиіс.

"Фарс" агенттiгінің хабарлауынша, «бейбiт ядролық технологияларды дамыту Иранның заңды және айқын құқығы. Бұл туралы келіссөздер жұргізілмейді» деп мәлімдеген Махмұд Ахмадинежад.

Өткен аптада әлемнің 6 ірі мемлекеті - АҚШ, Ұлыбритания, Франция, Ресей, Қытай және Германия – Иранның ядролық бағдараламасы төңірегінде өздерінің аландаушылықтарын білдіріп, соңғы ұсыныстарын мәлім еткен болатын.


XS
SM
MD
LG