Accessibility links

Ауғанстанда үш американдық жауынгер қаза тапқан


Ауған ресмилерінің хабарлауынша,елдің батысында орын алған қарулы шайқастан ондаған талиб жауынгері өлтірілген.

Ауғанстан қарулы күштерінің өкілі Абдул Басир Горидің айтуынша,өткен сенбі күні Фарах провинциясындағы бірнеше сағатқа созылған шайқас салдарынан 3 американдық және 7 ауған жауынгері қаза болған.

Ал американдық әскердің баспасөз хатшысы Элизабет Матиастың хабарлауынша, талибандар екі жол бомбасын және гранаталар қолданған.

Абдул Басир Горидің деректері бойынша, НАТО әскерилерінің қарымта әуе шабуылынан кем дегенде 50 талибан жауынгерлерінің көзі жойылған. Бірақ бұл деректерді Ауған ресмилері әзірге растаған жоқ

XS
SM
MD
LG