Accessibility links

Бушқа бәтеңке лақтырған Ирақ журналисі бүгін түрмеден босатылмақ


АҚШ-тың бүрынғы президенті Джордж Бушқа баспасөз маслихаты барысында бәтеңке лақтырып, әлемге танымал болған Ирақ журналисі Мунтазер Аль-Заиди 14 қыркүйекте түрмеден босатылатыны жөнінде хабарланып отыр.

Миллиондаған телекөрермен куә болған оқиғаның кейіпкері тілші Аль-Заиди, АҚШ-тың бұрынғы президентіне аяқ киімін лақтырып, балағаттағаны үшін, сот үкімімен 3 жылға бас бостандағынан айырылған еді. Бірақ, соңынан бұл мерзім қысқартылған. Заидидін отбасы, оны 14 қыркүйекте бостандыққа шығады деп күтуде.


Ал-Заидидің адвокаты Дхиаа аль-Саади озінің бұл жөнінде ешнәрсе естімегенін айтқан.

XS
SM
MD
LG