Accessibility links

Владимир Семенов: Ауғанстанда күйікке шалынған қазақстандық кәсіпкердің бірі жалпы палатаға ауыстырылды


Үш айдан бері аурухананың жан сақтау бөлімінде жатқан Ауғанстанда күйікке шалынған қазақстандық кәсіпкердің бірі жалпы палатаға ауыстырылды, — деп хабарлады Алматы қалалық № 4 аурухана бас дәрігерінің орынбасары Владимир Семенов.

«Науқастың жағдайы ауырлау, бірақ оны бөлімшеге ауыстырдық, оған күрделі емдеу қажет, терісінің жаралары жазылып келеді. Кәсіпкер қазір есін жиды», — деді ол.

22 маусым күні Ауғанстандағы Хайратон қаласының маңында орналасқан мұнай қоймасы аумағында жарылған көліктердің кесірінен зардап шегіп, күйікке шалынған алты қазақстандықтың Ауғанстанда кәсіпкерлікпен айналысып жүрген Алматы қаласы, Алматы және Оңтүстік Қазақстан облыстарының азаматтары екенін, олардың Алматыдағы № 4 ауруханаға жеткізілгенін хабарлағанбыз.
Кәсіпкерлердің екеуі аталған ауруханада көз жұмған болатын.
XS
SM
MD
LG