Ресей прокуратурасы Александр Хачиров Грузияның құпия қызметіне 2004 жылдан бастап тыңшылыққа тартылып, солардың пайдасына жұмыс жасап келді деген қорытынды жасады. Прокуратура Хачировтың басты мақсаты Грузияның бөлініп кеткен аймағы- Оңтүстік Осетияның грузиялық аймағында орналасқан Ресей бейбіт әскерлері туралы ақпарат жинау болған дейді.
Хачиров Ресей мен Оңтүстік Осетия шекарасында орналасқан Владикавказ қаласының тұрғыны болған.
Өткен айда, Ресейде тағы да бір азамат сот шешімімен абақтыға қамалған. Әскери офицер, подполковник Михаил Хачидзе, Грузияның пайдасына шпиондық әрекеттері үшін айыпталып, мемлекеттік сатқын ретінде 6 жылға бас бостандығынан айырылған еді.