Accessibility links

Сомали бүлікшілері АҚШ-тан кек алмақ


Сомалидегі бүлікшілердің әл-Шабааб тобы АҚШ рейдіне кек қайтаруға уәде етті.

Сейсенбі күні Сомали астанасы Могадишудың оңтүстігіндегі Барауе ауданында АҚШ күштері тікұшақпен шабуылдап, шығыс Африкада іздеу салынған Әл-Қаида бүлікшілерінің бірі Салех Әли Салех Набханды өлтірген болатын.

Кенияда дүниеге келген Набхан 2002 жылы американдық қонақ үйге шабуыл жасады және Момбасса портында Израиль ұшағын атып түсірмекші болды деп айыпталған болатын.

XS
SM
MD
LG